Logo

    Әйел қорқынышы | Қазақ ЛГБТ-ға қарсы болған ба? | Қазақ мәдениетін алға жылжытқан зумерлер

    kkMay 04, 2022
    What was the main topic of the podcast episode?
    Summarise the key points discussed in the episode?
    Were there any notable quotes or insights from the speakers?
    Which popular books were mentioned in this episode?
    Were there any points particularly controversial or thought-provoking discussed in the episode?
    Were any current events or trending topics addressed in the episode?

    About this Episode

    "Бастаңғы" подкастының алғашқы шығарылымында жастардың эмиграциялық көңіл күйі жайлы, көзқарастары мен құндылықтары туралы, саясатқа неге араласқысы келмейтіні және даулы феминизм / ЛГБТ тақырыбы туралы талқылау болды. Подкасттың қонақтары - жас журналист Дастан Аққожа және болашақ мұғалім, студент Жанболат Сәбитов.

    Recent Episodes from Бастаңғы

    Қазақ сериалы NetFlix-ке қашан шығады? Salem Social Media-да пропаганда бар ма?

    Қазақ сериалы NetFlix-ке қашан шығады? Salem Social Media-да пропаганда бар ма?
    "Бастаңғыда" қазақ сериалдарын талқылаймыз. Подкаст қонақтары Salem Social Media компаниясының креативті продюсері Перизат Мырзахмет және сценарист Ерлан Сұлуханмен бірге қазақ сериалы әлемдік стриминг сервистерін бағындыра ала ма, SSM компаниясы өнімдерінде пропаганда бар ма, неге сериалдарда бейпіл сөздер көбейіп кеткен және заманауи қазақ музыкасы мен қазіргі сериалдардың айырмасы қандай деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Одан бөлек талай өзекті тақырыптар қамтылды.

    Қазақстанға да санкция салына ма? Дефицит бола ма? Теңге құнсыздана ма? | Бастаңғы

    Қазақстанға да санкция салына ма? Дефицит бола ма? Теңге құнсыздана ма? | Бастаңғы
    "Бастаңғыда" Украина-Ресей соғысы, Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері жағын талқылады. Қонақтарымыз - саяси экономист Қайрат Молдашев, макроаналитик Аягөз Қанетова. Қазақстанға санкция салына ма, Ресейге салынған санкциялар кесірінен Қазақстанда тауар дефициті бола ма, теңге қаншалықты құнсызданады деген және басқа да маңызды сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

    Тоқаевтың "Жаңа Қазақстаны" қандай болуы керек? Ескі әдістермен жаңа Қазақстан құра аламыз ба?

    Тоқаевтың "Жаңа Қазақстаны" қандай болуы керек? Ескі әдістермен жаңа Қазақстан құра аламыз ба?
    "Бастаңғыда" президент Тоқаев айтатын жаңа Қазақстан қандай болуы керегін талқылап көрдік. Қонақтарымыз - белсенді Камилла Мюллер және мұғалім, Ұлттық кеңес мүшесі Қайсар Тұрсынқожа. Билік келтірген деректер мен айтқан уәделеріне сенуге бола ма, жаңа Қазақстанды ескі құраммен жасай ала ма, сол баяғы науқаншылдыққа ұрынбаймыз ба, полициядағы азаптаулар жайлы қазіргі естімей-білмей отыр ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

    Назарбаев дәуірі аяқталды ма? Қазақ тілі либерал құндылықтар тіліне айналды ма?

    Назарбаев дәуірі аяқталды ма? Қазақ тілі либерал құндылықтар тіліне айналды ма?
    “Бастаңғыда” тәуелсіздіктің 30 жылын қорытындылаймыз. Қонақтарымыз - дінтанушы Асылтай Тасболат пен заңгер Әйгерім Құсайынқызы. Біз "тәуелсіздік алуға ұмтылдық па?", "Назарбаев дәуірі қоғамды қалай өзгертті?", "тіл проблемасы неге әлі шешілмеді?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

    Қарызға криптовалюта алатындар көп пе? Майнерлердің көбейгені жақсы ма, жаман ба? Блокчейн

    Қарызға криптовалюта алатындар көп пе? Майнерлердің көбейгені жақсы ма, жаман ба? Блокчейн
    "Бастаңғыда" соңғы уақытта трендке айналып кеткен криптовалюта, майнинг, блокчейн деген ұғымдардың түбіне үңіліп көреміз. Қонақтарымыз - программист Данияр Мұқанов пен қаржыгер Индира Малһарқызы. Біз "криптовалютадан ақша табуға бола ма?", "Қытайдан Қазақстанға келген майнерлер "светтің" өшуіне әсер етті ме?", "Блокчейн технологиясы болашағымызды қалай өзгертеді?" деген ауыр сұрақтарға жауап іздеп көреміз.

    Молодежь и политика | Слежка за активистами | Самоцензура

    Молодежь и политика | Слежка за активистами | Самоцензура
    В премьерном выпуске подкаста «Бастаңғы» на русском языке обсуждаем молодежный активизм в Казахстане. Мы говорим о гражданской позиции, ищем ответ на вопрос о том, эффективны ли митинги, рассуждаем, почему многие боятся открыто высказать свое мнение. Гостями студии стали участники движения «Oyan Qazaqstan» – редактор MasaMedia Бейбарыс Толымбеков и активист Дархан Шарипов.

    Қаңтар көтерілісінен кейін өзгеріс бола ма, жоқ па? Билік оқиғадан қандай сабақ алды?

    Қаңтар көтерілісінен кейін өзгеріс бола ма, жоқ па? Билік оқиғадан қандай сабақ алды?
    "Бастаңғыда" Алматыдағы қантөгіске ұласқан "Қаңтар көтерілісі" не себепті болды, билік одан сабақ алды ма, террористер болды ма, жоқ па, өзгеріс болады деп үміт артуға бола ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Студия қонақтары - Нұрбек Матжани мен Бэлла Орынбетова.

    Полиция митингіге шыққандарды неге ұрып-соқты, азаптады? Халық полициядан қорқа ма?

    Полиция митингіге шыққандарды неге ұрып-соқты, азаптады? Халық полициядан қорқа ма?
    "Бастаңғыда" Қаңтар көтерілісі кезінде тергеу изоляторларына түскен мыңдаған адамның ұрылып-соғылғаны, азап көргені жайлы талқылаймыз. Студия қонақтары - белсенді Дәурен Достияров, құқық қорғаушы Айна Шорманбаева. Біз полицияда ұрып-соғу, азаптау дәстүрі қашаннан бері келе жатыр, ол сала өзгеруге құлықты ма, полициядағы реформаны неден бастау керек деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

    Әншілер саясат жайлы пікір айтудан қорқа ма? Олар "Қаңтар көтерілісі" жайлы не ойлайды?

    Әншілер саясат жайлы пікір айтудан қорқа ма? Олар "Қаңтар көтерілісі" жайлы не ойлайды?
    "Бастаңғыда" өнер адамдары саясат жайлы пікір айтудан қорқа ма деген тақырыпты талқыладық. Студия қонақтары - әншілер Есболат Беделхан және Назерке Серғазина. Сондай-ақ, әншілер "Қаңтар көтерілісі" жайлы не ойлайды, елде өзгеріс болады деп күте ме және соңғы жылдары қоғамның көзқарасын өзгерткен өнер туындылары болды ма деген сұрақтарға да жауап іздеп көрдік.

    Тоқаевтың "реформасынан" кейін не өзгереді? Парламент тарай ма? | Бастаңғы

    Тоқаевтың "реформасынан" кейін не өзгереді? Парламент тарай ма? | Бастаңғы
    "Бастаңғыда" Тоқаев жариялаған "саяси реформалардан" кейін қандай өзгеріс болуы мүмкін екенін талқылап көрдік. Қонақтарымыз - белсенді Тоғжан Қожалиева және саясаттанушы Арман Әмір. Тоқаевтың жолдауынан кейін парламент тарай ма, президент сайлауы бола ма, билік суперпрезиденттік модельді өзгерткісі келе ме және Назарбаев дәуірі осымен аяқталды ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
    Logo

    © 2024 Podcastworld. All rights reserved

    Stay up to date

    For any inquiries, please email us at hello@podcastworld.io