Logo

    психологқа бару

    Explore " психологқа бару" with insightful episodes like ""Жеке шекарасын қорғай алмайтын адам мазасыз болады". Жеке шекарамызды қалай қорғаймыз?", "Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді?" and "Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты" from podcasts like ""Жаншипа", "Жаншипа" and "Жаншипа"" and more!

    Episodes (3)

    "Жеке шекарасын қорғай алмайтын адам мазасыз болады". Жеке шекарамызды қалай қорғаймыз?

    "Жеке шекарасын қорғай алмайтын адам мазасыз болады". Жеке шекарамызды қалай қорғаймыз?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 7-эпизодында кәсіби психолог Гүлнұр Сапаровамен адамның жеке шекарасы жайлы әңгіме өрбіттік. Адам жеке шекарасын қалай қорғайды? Адам жеке шекарасы бұзылғанда қалай әрекет етуі керек? Адамның жеке шекарасын кім бұза алады? Баланың жеке шекарасын қалай қалыптастыра аламыз? Міне, осы сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast, Google podcast платформасынан тыңдай аласыз.

    Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді?

    Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген "бала кезде алған жан жарасы" мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.

    Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты

    Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты
    Азаттықта жаңа жоба. Сіздің назарыңызға "Жаншипа" психологиялық подкастын ұсынамыз. Азаттық психологиялық подкасты не үшін бастап отыр? Қазақстан суицид бойынша әлемде ондыққа енетіні, елде ажырасу да көбейіп кеткені жайлы жиі айтылады. Психолог мамандар адамның ішкі жан дүниесін реттейтін, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетін бірден-бір құрал психология дейді. Демек подкастымызда бала тәрбиесі бастап отбасындағы қарым-қатынас, жүрек тыныштығы, жан-дүниедегі гармония, суицидті алдын алу, депрессия, стресс, уайым сияқты тақырыптардың бәрін қозғаймыз. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. "Жаншипа" подкастының алғашқы эпизодында жалпы психология тақырыбы қозғадық. Психологқа бару ұят па? Психологқа қай кезде бару керек? Психология адамға қалай көмектеседі? Осы сауалдарға психоаналитик, психоаналитик, Халықаралық психоанализ қауымдастығының мүшесі Жұлдыз Төлеу жауап берді.
    Logo

    © 2024 Podcastworld. All rights reserved

    Stay up to date

    For any inquiries, please email us at hello@podcastworld.io