Logo

    қаңтар оқиғасы

    Explore " қаңтар оқиғасы" with insightful episodes like ""Таңдаған жолым - осы" деді қызым, мен қолдадым". Төрт жылға сотталған Әйгерім Тілеужанның анасымен ашық әңгіме", "Қасіреттен кейінгі жұбаныш. Қаңтарда өлген ұлдан қалған немере", "Алматыдағы Қаңтар оқиғасы. Журналистердің бастан кешкені", ""Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты"" and ""Маусым" көрмесіндегі жарты миллионның суреті" from podcasts like ""Zere", "Zere", "Азаттық - 70", "Zere" and "Zere"" and more!

    Episodes (5)

    "Таңдаған жолым - осы" деді қызым, мен қолдадым". Төрт жылға сотталған Әйгерім Тілеужанның анасымен ашық әңгіме

    "Таңдаған жолым - осы" деді қызым, мен қолдадым". Төрт жылға сотталған Әйгерім Тілеужанның анасымен ашық әңгіме
    Журналист әрі белсенді Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасына байланысты төрт жылға сотталды. 68 жастағы анасы Шекерхан түрмедегі қызын екі айда бір рет көріп, аптасына екі рет телефонмен сөйлеседі. Ана мен бала осылайша бір бірін кейінгі жарты жылда демеп келеді. "Зеренің" бүгінгі эпизодында жалғыз қызына шыққан үкім, саяси белсенділік, түрмедегі кездесулер мен уайымы жайлы анасы сыр шертті.

    Қасіреттен кейінгі жұбаныш. Қаңтарда өлген ұлдан қалған немере

    Қасіреттен кейінгі жұбаныш. Қаңтарда өлген ұлдан қалған немере
    Алматылық Гүлнұр Қарақасованың ұлы – Бақыткелді Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан. "Артында тұяқ қалмады" деген жақындары үш айдан кейін немересі барын біліпті. Қазір кішкентай Айқаракөз отбасының жұбанышы. "Зеренің" бүгінгі эпизодында Гүлнұр ұлына деген сағынышын, немересінің қызығы мен Қаңтардағы әділетсіздік жайлы сөз етті.

    Алматыдағы Қаңтар оқиғасы. Журналистердің бастан кешкені

    Алматыдағы Қаңтар оқиғасы. Журналистердің бастан кешкені
    Екі жыл бұрын дәл осы күндері Азаттық радиосының қызметкерлері Қаңтар оқиғасының ортасында жүрді. Асылхан Мамашұлы, Аян Қалмұрат және Санат Нұрбеков көрген Қаңтар оқиғасы қалай өрбіді?

    "Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты"

    "Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты"
    Әйел адвокат болу қиын ба? Оның ішінде азапталғандардың құқығын қорғаудың ерекшелігі қандай? Қаңтардың травмасы адвокатқа қалай әсер етеді? Қаңтар оқиғасына қатысқан, кейін азапталған азаматтардың құқығын қорғап жүрген адвокат Жалғас Сапарханова - "Зеренің" бүгінгі қонағы.

    "Маусым" көрмесіндегі жарты миллионның суреті

    "Маусым" көрмесіндегі жарты миллионның суреті
    Алматыда "Маусым" атты жоба аяқталды. Қаңтар оқиғасында асыраушысынан айырылған отбасылардың 17 баласы үш күн бойы сурет салуды үйреніп, көрмеге 30 картина дайындады. Жоба авторларының бірі Белла Орманбет (Орынбетова) пен балаларға сурет салуды үйреткен Мөлдір Сағындықтың әңгімесін Зере подкасынан тыңдаңыз.
    Logo

    © 2024 Podcastworld. All rights reserved

    Stay up to date

    For any inquiries, please email us at hello@podcastworld.io