Logo

    психология қазақша

    Explore " психология қазақша" with insightful episodes like "Психологиялық тұрғыдан ересек адам деген кім? Адамға өз эмоциясын тану қаншалықты маңызды?", "Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді?" and "Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты" from podcasts like ""Жаншипа", "Жаншипа" and "Жаншипа"" and more!

    Episodes (3)

    Психологиялық тұрғыдан ересек адам деген кім? Адамға өз эмоциясын тану қаншалықты маңызды?

    Психологиялық тұрғыдан ересек адам деген кім? Адамға өз эмоциясын тану қаншалықты маңызды?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 5-эпизодында практик психолог Жанат Қалиевпен "психологиялық тұрғыдан есейген адам деген кім?", "адам балалықтан ересек өмірге қалай өтеді?", "адам дене сезімі мен ішкі сезімін қалай сезінуі керек?", "эмоцияны тану қаншалықты маңызды?" деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодта айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынамыз. Ал эпизодттың толық нұсқасын Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast платформасынан тыңдай аласыз.

    Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді?

    Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген "бала кезде алған жан жарасы" мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.

    Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты

    Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты
    Азаттықта жаңа жоба. Сіздің назарыңызға "Жаншипа" психологиялық подкастын ұсынамыз. Азаттық психологиялық подкасты не үшін бастап отыр? Қазақстан суицид бойынша әлемде ондыққа енетіні, елде ажырасу да көбейіп кеткені жайлы жиі айтылады. Психолог мамандар адамның ішкі жан дүниесін реттейтін, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетін бірден-бір құрал психология дейді. Демек подкастымызда бала тәрбиесі бастап отбасындағы қарым-қатынас, жүрек тыныштығы, жан-дүниедегі гармония, суицидті алдын алу, депрессия, стресс, уайым сияқты тақырыптардың бәрін қозғаймыз. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. "Жаншипа" подкастының алғашқы эпизодында жалпы психология тақырыбы қозғадық. Психологқа бару ұят па? Психологқа қай кезде бару керек? Психология адамға қалай көмектеседі? Осы сауалдарға психоаналитик, психоаналитик, Халықаралық психоанализ қауымдастығының мүшесі Жұлдыз Төлеу жауап берді.
    Logo

    © 2024 Podcastworld. All rights reserved

    Stay up to date

    For any inquiries, please email us at hello@podcastworld.io