Logo

    зере

    Explore " зере" with insightful episodes like "Жалғыз қызынан айырылған ананың әділдік іздеген жолы", ""Қоғамда көп балалы ананың сыйы кеткені өкінішті"", ""Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты"", ""Көлікке атылған жалғыз оқ әйелімнің басына тиген". Қаңтарда әйелінен айырылған Нұрсұлтанның әңгімесі" and ""Зорлады, ішімнен ұрды, баламыздың түсіп қалғанын қалады". 21 жастағы Аружанның хикаясы" from podcasts like ""Zere", "Zere", "Zere", "Zere" and "Zere"" and more!

    Episodes (5)

    Жалғыз қызынан айырылған ананың әділдік іздеген жолы

    Жалғыз қызынан айырылған ананың әділдік іздеген жолы
    Кейіпкеріміз Қарлығаш Есенбекқызының қызы Айманды бұрынғы күйеуі былтыр 18 жерінен пышақтап өлтірген. Қылмыс сотта дәлелденді. Дегенмен сот оны 1,5 жылға соттаған. Кейін іс қайта қаралып, қылмыс жасады деген адам 11 жылға сотталды. Бұл эпизодта Қарлығаш апай әділдік жолындағы күресі жайлы айтты.

    "Қоғамда көп балалы ананың сыйы кеткені өкінішті"

    "Қоғамда көп балалы ананың сыйы кеткені өкінішті"
    Ол үш балалы қарапайым әйел еді. 4 жыл бұрын астанада бір отбасының төрт қызы жанып кеткен өрттен соң көп балалы ана құқын қорғайтын белсендіге айналды. Екі жетім баланы бауырына басып, өзі де көп балалы болып шыға келді. "Қамқор ана" қоғамдық қорының жетекшісі Аида Букаева күресі жайлы әңгімелейді.

    "Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты"

    "Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты"
    Әйел адвокат болу қиын ба? Оның ішінде азапталғандардың құқығын қорғаудың ерекшелігі қандай? Қаңтардың травмасы адвокатқа қалай әсер етеді? Қаңтар оқиғасына қатысқан, кейін азапталған азаматтардың құқығын қорғап жүрген адвокат Жалғас Сапарханова - "Зеренің" бүгінгі қонағы.

    "Көлікке атылған жалғыз оқ әйелімнің басына тиген". Қаңтарда әйелінен айырылған Нұрсұлтанның әңгімесі

    "Көлікке атылған жалғыз оқ әйелімнің басына тиген". Қаңтарда әйелінен айырылған Нұрсұлтанның әңгімесі
    "Зеренің" бүгінгі қонағы – Нұрсұлтан. 41 жастағы азамат Қаңтар оқиғасы кезінде әйелі – Жанарадан айырылып қалды. 7 айлық баласына дәрі іздеп шыққан отбасының көлігіне бір ғана оқ тиген. Сол оқ 35 жастағы Жанараның басына тиген. Нұрсұлтан төрт баласымен жалғыз қалды. Бұған дейін пәтер жалдап тұрып жатқан отбасыға билік пәтер берген. Дегенмен "қанша үй берсін, қанша миллион берсін, әйелімнің орнын баспайды ғой, Жанарыммен пәтер жалдап тұрғаным артық еді" дейді Нұрсұлтан. Бұл – бұған дейін журналистермен кездескісі келмеген азаматтың алғашқы сұқбаты. Ол әйелінің де, өзінің де фамилиясын атамауымызды өтінді.

    "Зорлады, ішімнен ұрды, баламыздың түсіп қалғанын қалады". 21 жастағы Аружанның хикаясы

    "Зорлады, ішімнен ұрды, баламыздың түсіп қалғанын қалады". 21 жастағы Аружанның хикаясы
    25 қараша – әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату күні. Халықаралық деңгейде аталып өтіледі. Осы күнге орайластырып, Азаттық әйел құқығы жайлы "Зере" подкастын бастады. Алғашқы эпизодымыздың кейіпкері – "алып қашу құрбаны болдым, зорландым" деген 21 жастағы Аружан. Анасының көндіруімен өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткенің әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз. Тыңдап, ой бөлісіңіздер.
    Logo

    © 2024 Podcastworld. All rights reserved

    Stay up to date

    For any inquiries, please email us at hello@podcastworld.io